Bekbergenova Gaýhar Alpysbaıqyzy
Túrkistan joǵary agrarlyq kolejiniń dırektory
Qurmetti áriptester men stýdentter, Túrkistan joǵary agrarlyq kolejiniń resmı saıtyna qosh keldińizder! Saıtta kolejdiń eń mańyzdy oqıǵalary men jańalyqtary, ákimshilik jáne oqytýshylar týraly aqparat, stýdentter jolsiltemesi, talapkerlerdiń anyqtamalyǵy, dırektordyń qabyldaý kúnderiniń kestesi ornalastyrylǵan.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінің ұжымы, БҰҰ мен АҚ «Экономикалық зерттеулер институты» өкілдерінің «БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары және жергілікті деңгейде оқшаулау тәсілдері» тақырыбындағы семинарға қатысты.
2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ-дің 70-ші Бас Асссамблеясы шеңберінде БҰҰ саммитінде 2015 жылдан кейінгі даму саласындағы күн тәртібін қабылдау бойынша Елбасы Н.А.Назарбаев өзге БҰҰ мүше-мемлекеттердің басшыларымен бірге, Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бағдарлары Қазақстанның басымдықтары мен міндеттеріне толық сәйкес келетініне ерекше көңіл бөліп, бұдан былайғы жаһандық дамуға арналған жаңа құжатқа қол қойды. ТДМ азаматтардың өмір сапасын арттыруға, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық тұрақтылығына бағытталған 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторлардың кешенді әмбебап жинағы болып табылады. ТДМ 2030 жылға дейін жетуге тиіс 17 мақсаттан, сондай-ақ, оларға байланысты 169 міндеттерден және 242 индикатордан тұрады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу жолында Түркістан жоғары аграрлық колледжі де өз үлесін қосуда. Колледжде толық және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз етіп және азаматтардың оқу мүмкіндігін көтермелеу үшін жағдай жасалған. Оқу бағдарламаларына ресурс үнемдеу, ауыл шаруашылығының климаттың өзгеруіне әсері туралы инновациялық тақырыптар енгізілген. Мақсаты кәсіптік білім беру жүйесін тұрақты даму идеологиясына қайта бағдарлау арқылы білім беру процесін сапалы өзгерту.
Колледжінің базасында құрылған облыстық «Агрономия» құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылы 25 қазанда Түркістан жоғары аграрлық колледжінде облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының құзыреттілікке жауапты мамандары, арнайы пән оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Ауыл шаруашылығындағы озық инновациялық технологиялар» тақырыбында облыстық семинар кеңес өтті.
Семнарға әлеуметтік серіктестіктер өкілдері, ғылыми зерттеу институтының ғалымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Қатысушылар бағдарламаға сәйкес, Түркістан жоғары аграрлық колледжінің оқу-өндірістік базасымен танысып, «Ауыл шаруашылығындағы озық инновациялық технологиялар» тақырыбын талқылады.
Түркістан жоғары аграрлық колледжінің «Аграрлық және орман шаруашылығы пәндері» кафедрасының «Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары» атты онкүндік аясында кафедраның арнайы пән оқытушысы Жамкеева Меруерт «Далалық тәжірибе негіздерін қолдану» модулінен «Тұқым сапасының жалпы міндетті көрсеткіштерін анықтау» тақырыбында ашық практикалық сабақ өтті.