Түркістан жоғары аграрлық колледжі ресми сайтына қош келдіңіз!

ТүРКіСТАН ЖОҒАРЫ

АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРІНШІ «СТУДЕНТТЕРГЕ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ 

      2018 жылғы 22 қараша күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының бастамасымен Аграрлық колледжде «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылды.
     Орталықтың негізгі мақсаты – цифрландыру жүйесімен барлық салалардағы мүмкіндіктерді пайдалану, жастарды цифрлық-электронды түрде қызмет алуға үйрету және электрондық үкімет порталында қызмет алу дағдыларын жетілдіру.
Осылайша, 40-тан аса мемлекеттік қызмет көрсететін орталықтың лентасын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев пен Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Е.Жеңісбеков қиды..

gallery/ак01
gallery/ак002
gallery/ак003