Түркістан жоғары аграрлық колледжі ресми сайтына қош келдіңіз!

ТүРКіСТАН ЖОҒАРЫ

АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000

ШЕБЕР МАМАНДАР ДАЯРЛАУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

      2019 жылдың 1 ақпан күні Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Құзыреттіліктерге бағытталған модульдік тәсілдеме негізінде жасалған білім бағдарламасына WorldSkills чемпионатының критерийлерін кіріктіріп, оқу үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру процесіне WorldSkills чемпионатының нәтижесі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарда колледж директоры Г. Бекбергенова алғы сөз сөйлеп, облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі Р.Асанова жұмыс барысын таныстырып, сәттілік тіледі. Облысымыздағы 20 колледжден 100-ге жуық педагог мамандар жиналған семинарға әлеуметтік серіктестер де қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, «Grand Bereke» ЖК, «Оңтүстік қабылдау үйі» ЖК мейрамханаларының бас аспаздары мен технологтары қатысты. Семинар барысында Түркістан жоғары аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушылары «Наубайшы», «Аспаз», «Кондитер», «Нанды формалау және пісіру, өру техникасы» құзыреттіліктері бойынша шебер сыныптар өткізді.