Түркістан жоғары аграрлық колледжі ресми сайтына қош келдіңіз!

ТүРКіСТАН ЖОҒАРЫ

АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000
STARTUP жобасы ашылды

 

     14.04.2018 жылы Шымкент аграрлық колледжінде стартап жобасын қолдау мақсатындағы бизнес инкубатордың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына А.Б.Абубакиров- ОҚО кәсіпкерлер палатасының директоры, Б.Х. Кенжебаев- ОҚО кәспкерлер палатасының департамент басшысы, Огыз Дурру- Бал текстиль ЖШС атқарушы директоры, А.М. Абдіқадірова-ОҚО кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы қатысты.

      Президентіміз әлеуметтік экономика, кәсіпкерлікті дамыту, бизнесті қолдау бағдарламасы аясында, жастарды бизнеске ынталандыру саясатын ұсынды.Сол саясатты ұстана отырып, патриоттық негізде кәсіпкерлікке үйрету, дамыту, бизнес әліппесі ретінде жұмыс бастап отырған, бизнес инкубатордың ашылуына ұйытқы, себепкер болып отырған колледж директоры Гаухар Алпысбайқызы Бекбергенова.

      Біздің мақсатымыз әрбір бизнес идеясы бар, ынтасы бар студенттерімізбен жұмыс жасау. Алғашқы қадам жасауға серпін беріп, ынталандырамыз.

      Жоспарымыз: Студенттердің  бизнес әлеміне енуіне, кәсіби біліктіліктерін арттырып, әртүрлі бағытта жұмыс жасауға үйретіп, ой-өрістерін кеңейтеміз.Сонымен қатар, студенттерді тек мамандық алып қана қоймай, болашақта бәсекеге қабілетті, белсенді кәсіпкерлерді дайындау.

      Елбасымыз айтқандай: «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман», сол себепті студенттерді түрлі бағытта білім алуға жетелейміз.