Túrkіstan joǵary agrarlyq kolejі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000

ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ  КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

        Түркістан жоғары аграрлық  колледж оқытушыларының Ар-намыс Кодексі оқу мен жұмысқа қолайлы этикалық және психологиялық ахуал орнатуға арналған міндеттері мен тәртіптерінің жүйесі өнегелілік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халық мойындаған ережелер мен әдептілік принциптеріне негізделген.

      Түркістан жоғары аграрлық  колледж  оқытушылары мамандығын жетік меңгерген, жаңашыл ойлауға қабілетті, ой-өріс мүмкіндіктерін игерген, кәсіби және мәдени бағытталған тұлғаны дайындауды іске асыруда өз жауапкершілігін сезіне отырып, студенттермен бірлесіп басқару принциптерін дамыту мен нығайту мақсатында Ар-намыс Кодексін қабылдайды. Оқытушылар мен студенттер     Түркістан жоғары аграрлық  колледжі  өнегелілік пен танымдылықтың үлгісі болуына және Қазақстанның оқу орындарының алдыңғы қатарын құруға белсенді ат салысады.

 

Бұл Кодекс мынадай мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді:

  • Сапалы кәсіптік білімді ұсыну;
  • Білікті көзқарасы арқылы болашақ мамандар мансабының өсуіне көмектесу;
  • Өмірлік көзқарасы белсенді азаматтарды, бәсекелі ортада жұмыс істей алатын жетекшілерді тәрбиелеу;
  • Студенттердің көпқырлы қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Білім алушыларды бәсекеге қабілетті білім алуға, парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі болуға ұмтылдыру

 

Мазмұны:

        Колледж оқытушылары еңбек тәртібі ережелерін сақтауы, колледж Жарғысына, Ішкі тәртіп ережелеріне, осы Кодекстің нормаларына, сонымен қатар жалпы және іскерлік этика ережелеріне сәйкестікте жүзеге асырылады.

 

Негізі:

Кодекс Түркістан жоғары аграрлық  колледж оқытушыларының тәртіптерінің этикалық негіздері мен қарым-қатынастарын реттеуге негізделген.

ОҚЫТУШЫНЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Оқытушы:

  • Оқытушы студенттердің білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болады, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелейді;
  • Оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде оқу-әдістемелік жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелелдемелермен қамтып, пікіралысу барысында шыншылдық танытады;
  • Оқытушы – ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.
  • Оқытушы өз іс-әрекетімен студенттерге еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйластық қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді.
  • Оқытушы білімгерлер мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі.

Оқытушы өзінің кәсіби қызметінде міндетті:

  • адам мен азаматтың абыройы мен намысын оның шығу тегін, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайын, жынысын, нәсілін, ұлтын, тілін, сенімін, тұратын жерін не басқа да жағдайларды тәуелсіз құрметтеуге;
  • жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан ұлттарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге;
  •      Түркістан жоғары аграрлық  колледжімен өз мамандығының беделін, дәстүрлерін қадірлеуге, сақтауға және арттыруға;
  • Сыпайы және әдепті болуға;
  • Колледж мүлкіне ұқыпты қарауға;
  • Қызметтік немесе оқу міндеттерін орындау кезінде киім киюде іскерлік стильді ұстануға, сыртқы келбеті көрнекі болуына;
  • Кемшіліктерді жою және өз кәсіби қызметін жақсарту үшін конструктивтік сынды қолдануға ;
  • Колледж миссиясын және білім беру саясатын ұстануға; 
  • Колледж Жарғысы мен Ішкі еңбек ережелерін сақтауға;
  • Қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауға, жұмыста оң нәтижелерге жетуге;
  • Кәсіби шеберлік, ғылыми және кәсіби білімдарлық, сендіру қабілеттерінің болуына және үлгі-өнеге көрсетуге;
  • Оқытушы кәсіпқойлығын және колледж беделін арттыратын білім беру, мәдени және спорттық сипаттағы іс-шараларға белсенді қатысуға;
  • Өздігінен білім алумен айналысу, біліктілігін арттыруға;
  • Жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
  • Қызметтік ақпаратты пайдақорлық пен басқа да жеке мақсаттарға қолданылуына жол бермеуге;
  • Іске деген өз қатынасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда тұрақты және моральдық-психологиялық жағдай жасауға әсер етуге;
  • Әріптестер тарапынан қызметтік тәртіп қағидаларын бұзу жағдайларына жол бермеуге;
  • Іскерлік және жалпы мәдениетті сақтау, адамгершілік-этикалық қасиеттердің жоғары деңгейін: сыпайылылық, әдептілік, төзімділік, биязылық пен құрмет, адалдық, табандылық, әділеттілік, ибадаттылық, коммуникабельдік, сабырлық, мейірімділік, қатынасу дарындылығын көрсетуге;
  • Басшылыққа оқу және қоғамдық қызмет мәселелері, сонымен қатар, егер жалпы тәртіп қағидаларына қарама-қайшы болмаса, жеке сипаттағы мәселелер жөнінде белгіленген тәртіпте жүгінуге;
  • Қызметкерлерге не болмаса студенттерге қатысты негізсіз айыптарды, дөрекілікті, адами абыройын кемсітуді, жөнсіздікті болдырмауға;
  • Қызметкерлерді не болмаса студенттерді жалпы қабылданған моральдық-этикалық қағидаларға үйлеспейтін құқыққа қайшы теріс қылықтарды немесе әрекеттерді жасатуға итермелемеуге міндетті.

Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік:

  • Ар-намыс кодексі барлық қызметкерлер мен оқытушылар үшін тең дәрежеде болып табылады.
  • Оқытушылар мен қызметкерлер мәдениеттің кодексін білу міндетті және өз жүріс-тұрысына қатаң жауапкершілік алу.
  • Осы кодекстің ережелерін бұзу колледж оқытушысы мен қызметкердің мәртебесіне лайық емес ретінде  қарастырылады.

Кодекс нормаларын бұзғаны үшін келесі шаралар қолданады:

  • кешірім сұрау ұсынысы.
  • колледж этикасы бойынша Комиссиясымен тәртіпті талқылау;
  • тәртіптік жаза қолдану.

Түркістан жоғары аграрлық  колледжінің Студенттік кеңесі:

  • колледждің миссиясын жүзеге асырудағы, жоғары санатты және аса өнегелі мамандарды дайындаудағы өз жауапкершілігін түйсіну;
  • Түркістан жоғары аграрлық  колледжінің беделін сақтау,  колледжішілік қауымдастықтың корпоративтік мәдениетін дамыту мен нығайтуды – өзінің басты борышы деп таниды;
  • Түркістан жоғары аграрлық  колледжіне студенттер, қызметкерлер мен колледж әкімшілігі арасындағы демократиялық қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруға талпынады;
  • Түркістан жоғары аграрлық  колледж студенттерінің осы Кодексін игеріп, оны қалтқысыз орындауға жауапты болып саналады.

І. Түркістан жоғары аграрлық  колледжіне колледж студенті міндетті:

  • ҚР қолданыстағы заңнамаларын, Түркістан жоғары аграрлық  колледж  Жарғысын, Ішкі тәртіп ережелерін және колледждің басқа да жергілікті актілерін сақтауға;
  • оқытудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында өзінің міндет- борыштарын адал орындауға;
  • азаматтар мен адамдардың құқықтары мен еркіндігін сақтауға;
  • колледж әкімшілігі, оқытушылары, студенттер мен басқа да қызметкерлерінің өз міндеттерін адал орындауына кедергі келтірмеуге.

 

ІІ. Түркістан жоғары аграрлық  колледж студенті  колледжде қабылданған оқыту стандарттарын сақтайды, білімді аралық бақылаудың барлық түрлері мен білім беру жүйесіне адал ниетті қарым-қатынас көрсетеді.

 

ІІІ. Колледж студенттері құқылы:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті кәсіби білім беру стандарттарының талаптарын қатаң сақтай отырып, өз білім беру жүйесінің мазмұнын қалыптастыруға қатысуға;
  • колледждің, соның ішінде қоғамдық ұйымдар мен оның басқару органдарының маңызды мәселелерін талқылау мен шешуге қатысуға және колледждің жоғары органдарында өкілдік етуге;
  • оқу-тәрбие үдерісінде жоспарланған іс-шараларды жүргізу барысында кітапхананы, ақпараттық қорды, колледждің оқу, ғылыми, емдік және басқа да бөлімшелерінің қызметтерін колледждің жергілікті актілерінің аясында пайдалануға;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне, конференцияларға, байқауларға қатысуға және өзінің ғылыми жұмыстарын жариялауға, оның ішінде колледждің баспаларында;

IV.    Түркістан жоғары аграрлық  колледж  студентіне рұқсат етілмейді:

  • оқытушыларды адасып, жаңылысуға түрткі болатын, өтірік және опасыздықпен байланысты іс-әрекеттерге қатысуға;
  • емтиханды тапсыру кезінде, тапсырмаларды орындау немесе жазбаша жұмыстарды қорғау, білімді аралық бақылау процедураларын өту барысында көмек алуға, көмек беруге;
  • емтиханды тапсыру, тапсырмаларды орындау немесе жазбаша жұмыстарды (web-дереккөздерді, Интернет және басқа да электронды дереккөздерді қосқанда) қорғау барысында өзге студенттердің жұмыстарын көшіруге немесе өзінің жұмысы деп ұсынуға;
  • емтихан жұмыстарын, тапсырмаларды немесе жазбаша жұмыстарды өзге студенттердің орнына дайындауға, тапсыруға, зерттеу жүргізуге, жазуға;
  • өзге студенттер немесе тұлғалар тарапынан жазылған, дайындалған немесе құрастырылған емтихан жұмыстарын, тапсырмалар мен жазбаша жұмыстарды өзінікі ретінде тапсыруға;
  • өзге студенттерге кітапхананы, зертханаларды, студияларды, тәжірибе өткізу нысандарын немесе пәндер бойынша басқа да дереккөздерді қолдануына кедергі келтіруге;
  • сабаққа дәлелді себепсіз қатыспауға және кешігуге;
  • білімді бағалау процедураларына өзінің орнына басқа студенттерді қатыстыруға.

V. Түркістан жоғары аграрлық  колледж студенті колледж территориясындағы іс-шаралар мен іс- әрекеттерді орындау барысында саяси әдептілік сақтауға; студенттік этика мен басқа студенттермен қарым-қатынас барысында іскерлік қарым-қатынас талаптарын сақтауға; Қазақстан Республикасының басқа этностарының өкілдері болып табылатын студенттердің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауға; әртүрлі этникалық, әлеуметтік топтар мен діни конфессиялардың мәдени, басқа да ерекшеліктерін ескеруге міндетті.

VI. Түркістан жоғары аграрлық  колледж студенті, оқу орнының жатақханасында- Студенттер үйінде тұрып,  жағымды  психологиялық  атмосфераны қатаң сақтап, жатақхананың басқа да тұрғындарымен және жатақхана әкімшілігімен шиенеліске бармайды.

VII. Түркістан жоғары аграрлық  колледж студенті колледж әкімшілігімен, оқытушылары мен басқа да қызметкерлерімен қарым-қатынас барысында сыпайылық танытып, олармен өрескел сөйлесуге, дөрекілікке және әдепсіздікке бармайды.

VIII. Түркістан жоғары аграрлық  колледж студенттері  әдеп пен мәдениетті сақтай отырып, колледждің қауымдастығы арасындағы өзара құрмет пен сенімділік атмосферасын сақтап, туындаған дау-жанжалды бейбіт жолмен шешіп, басқа студенттерге қатысты зорлық, жәбірлеуге (өз өміріне қауіп төнген жағдайдан басқа) бармайды.

IX. Түркістан жоғары аграрлық  колледж студенті оқу орнының атауы немесе оның жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің атауын пайдақорлықпен рұқсатсыз пайдаланудан бойын аулақ ұстайды.

X. Түркістан жоғары аграрлық  колледж студенті есірткі заттардан және   ішімдікке салынудан бойын аулақ ұстайды.

XI. Түркістан жоғары аграрлық  колледж студентті колледждің мүлкін сақтауға жауапкершілікпен қарап, оқу орнының территориясында вандализмге (бұзу, бүлдіру) жол бермейді.

XII. Түркістан жоғары аграрлық  колледж студенті студенттік өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға, студенттік шығармашылық белсенділікті (ғылыми-оқыту, спорттық, көркем т.б.) дамытуға, Түркістан жоғары аграрлық  колледж  корпоративті мәдениетін жоғарылату мен беделін жақсартуға бағытталған кез келген пайдалы және қажетті іс-әрекеттер мен шараларды қолдайды.

XIII. Түркістан жоғары аграрлық  колледж студенттері осы Кодекстің ережелерін бұзумен байланысты жағдаяттарды талдауға қатысуға құқылы.

XIV. Студенттік өзін-өзі басқару органы өзінің шешіміне қарай осы Кодекстің ережелерін бұзғандарға моралдық жаза қолдануға құқылы. Мәселен: көпшілік алдында сөгіс беру, студенттік өзін-өзі басқару іс-әрекеттеріне қатысуға уақытша тыйым салу т.б.  Осындай жазаларды қолдану туралы шешімді Студенттік өзін-өзі басқару және Тәртіптік кеңеспен  бірлесе (Дисциплинарный Совет)    қабылдайды.

XV. Осы Кодекс Студенттік өзін-өзі басқару органы тарапынан мақұлданып, Түркістан жоғары аграрлық  колледжіне  студенттері тарапынан қол қойылып алынады. Студенттер Кодекстегі ережелерді қатаң сақтап, оқыту үдерісінде басшылыққа алып отыруға міндетті. Осы Кодекс Түркістан жоғары аграрлық  колледж студенттерінің арасындағы ерікті келісім болып, студенттің оқуға қабылданған сәтінен бастап іс-әрекеті мен жүріс-тұрысын белгілейді.