Túrkіstan joǵary agrarlyq kolejі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000

Жаратылыстану кафедрасы

     «Жаратылыстану пәндері» кафедрасы 2019 жылы құрылған жаңа  кафедра бірлестігі. Кафедрада химия және оның салалары, биология, математика, физика, информатика пәндері бойынша барлық мамандықтарға жалпы пәндерден сабақтар өтіледі. Кафедрамызда білікті мамандар жұмыс жасайды. Мамандар дайындауды 13 оқытушы жүзеге асырып келеді, олардың ішінде 6 педагогика ғылымдарының магистрі, жоғары санатты Жақып Сандуғаш, Таңқыбаев Мұрат ағайларымыз. Бірінші санатты Ратанова Ш., Небесаева Ж., Тулепбергенова Ж. оқытушыларымыз,  Екінші санатты Алтаева Ф., Жасұзақова Ж.,Ушахбаева А., Төрехан М., Ерботаева М екінші санатты оқытушыларымыз, санаты жоқ жас оқытушы Қазыбеков Жанболат бар. Кафедрамыздың екінші санатты оқытушылары Ж. Жасұзақова, М. Ерботаева, М. Төрехан  Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткен «Үздік жас маман-2018» пәндік олимпиадасына қатысып, ІІ-III орындарға ие болды. 2019 жылы қыркүйек айында кафедрамыздың бағдарламашысы Е.Серікбаев  оқытушылар арасындағы  пәндік олимпиадаға қатысып бірінші орынды иемденді. 

gallery/screenshot_2
gallery/screenshot_3
gallery/screenshot_4

«Жаратылыстану пәндер»  кафедрасының 2019-2020 оқу жылындағы  оқытушылары туралы жалпы мәлімет

gallery/жаратылыстану

          Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Шымкент қалалық білім Басқармасы ғылыми әдістемелік орталықпен Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі ұйымдастырған аймақтық ғылыми тәжірибелік конференцияға жетекшілік жасаған оқытушылар  Төлепбергенова Ж., Небесаева Ж. Оқушылар Амир М., Камилжанова Р. Екінші және үшінші орындарға ие болды. Түркістан облысы мәслихатының мақтау қағаздарымен марапатталған оқытушылар: Жақып С., Небесаева Ж. Кафедра оқытушылары 2018-2019 оқу жылында халықаралық біліктілік арттыру курсынан 7 оқытушы өтті. Оқу үдерісін сапалы қамтамасыздандыру үшін кафедрада машықтану, зертханалық, ғылыми-зерттеулік жұмыстарды орындауға қажетті құрылғылармен жабдықталған 9 жабдықталған дәрісхана мен  зертханалар колледж ғимаратында орналасқан, 2018-2019 оқу жылында химия және биология дәрісханалары толық қанды заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

    2018-2019 оқу жылында кафедра оқытушылары 4-тен астам әдістемеліктер құрастырып басып шығарды, сондай-ақ халықаралық, республикалық және облыстық басылымдарда 40-тан астам ғылыми мақалалар жариялады. 2018-2019 оқу жылында кафедра оқытушылары апталық аясында өтілген іс-шараларды Білімді ел сайтына жариялады. 2018 жылдың қараша айының 26-30 күндері аралығында «Химия-биология пәнін оқытуда ақпараттық –коммуникативтік технологияларды пайдалану» тақырыбында өткен апталық  жоғары деңгейде өтті.