Túrkіstan joǵary agrarlyq kolejі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000

Болашақ жастардың қолында

      Түркістан жоғары аграрлық колледжі директорының кеңесшісі, Оңтүстік Корея мемлекетінің азаматы, Ph.D., профессор Ким Кванг Дон мырза колледж студенттеріне «Let me design myself» тақырыбында кезекті лекциясын өткізді. Лекция барысында профессор өзімен қоса шетелдік танымал тұлғалардың тәжірибесімен бөлісе отырып, білім алушыларға бағалы кеңестер берді. Ынталандыру мақсатында берілген кеңестер лекцияның жоғары деңгейде өтуіне ықпалын тигізді.

Ашық сабақ

       Түркістан жоғары аграрлық колледжінің «Аграрлық және орман шаруашылығы пәндері» кафедрасының «Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары» атты онкүндік аясында кафедраның арнайы пән оқытушысы Кенжебаева Еңлік «Жануарлар жасушасының құрылысы және жануарлар ағзасы жүйесінің топографиялық ерекшеліктері» модулінен «Экологиялық факторлар » тақырыбында ашық сабақ өтті.

Практика

           Түркістан жоғары аграрлық колледжінің оқу өндірістік базасында "Ауыл шаруашылық мамандығының" білім алушылары слесарлық жөндеу ісінен практика өтуде. 

    Түркістан жоғары аграрлық колледжінің білім алушыларымен Шымкент қаласының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің мамандарымен кездесті. Кездесуде мамандар жастарға бағытталған түрлі бастамаларды, орталықтың ішкі тыныс-тіршілігімен, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды.

Мемлекеттік бағдарлама

Серіктестіктермен жұмыс

        Дуальді оқыту жүйесінің негізгі мақсаты - техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Осы бағытта жұмыс жүргізіп жатқан Түркістан жоғары аграрлық колледжі "Ордабасы құс" ЖШС мен тығыз байланыста. Қазіргі уақытта Ветеринария мамандығының 3- курс студенттері осы мекемеде өндірістік тәжірибеден өтуде

Ашық сабақ

          Колледжінің «Аграрлық және орман шаруашылығы пәндері» кафедрасының «Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары» атты онкүндік аясында кафедраның арнайы пән оқытушысы Жунусбекова Эльза «Зертханалық техникалық құжаттаманы жүргізу және зертханалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ету» модулінен «Зертханалық құрал-жабдықтардың жіктелуі» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Мизам-Бекере бастауы

      Түркістан жоғары аграрлық колледжі Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты "Ынтымақ" этносаралық мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Этностар күні мен тілдері мерекесі" аясында өткен "Мизам-береке бастауы" көрмесіне қатысты.