Túrkіstan joǵary agrarlyq kolejі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРІНШІ «СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ 

            2018 жылғы 22қараша күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының бастамасымен Түркістан жоғары аграрлық колледжде«Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылды.

Орталықтың негізгі мақсаты - цифрландыру жүйесімен барлық салалардағы мүмкіндіктерді пайдалану, жастарды цифрлық-электронды түрде қызмет алуға үйрету және электрондық үкімет  порталында қызмет алу дағдыларын жетілдіру.

Осылайша, орталықта 40 аса мемлекеттік қызмет көрсету түрлері көрсетіледі.

gallery/48283422_585359501924313_6280508278686351360_o

      Іс шарада Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев бүгінгі күні Қазақстанның электронды үкіметті дамыту саласындағы жетістіктерін әлем мойындағанын атап өтіп, Елбасы Жолдауына сәйкес, 2020 жылға дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетуді 90% электронды жүйеге көшіружұмыстары қарқынды жүріп жатқанын жеткізді. Соның бір айғағы, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда бүгін колледж студенттеріне қызмет көрсету орталығы ашылып отырғанын тілге тиек етті.   

   Жиында сөз сөйлеген корпорация басшысы Е.Жеңісбеков колледж оқытушылары мен кәмелет жасына толған білім алушылар жеке куәлікке арналған картрейдер арқылы ЭЦК (электронды кілт) e.gov порталына кіріп, өздеріне қажетті құжат түрлерін  алатын болады. Осылайша, жастарымыз «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігіне қол жеткізетін атап өтті. 

 «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы  студенттердің алаңсыз білім алуына мүмкіндігін беріп отырғаны, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес колледж ішілік қызмет көрсету  түрлерінің стандарттары мен ережелері түзілгенін, сынақ кітапшасын алу, білім алушыларға анықтама беру және оқытушыларға анықтама беру т.б. қызмет түрлері көрсетілетінін, колледжде «SMART-колледж» бағдарламасы енгізіліп, электронды құжат айналымына өткендігі туралы баяндап өтті. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының «Өркениет» бастауыш ұйымының қолдауымен студенттер бұл  орталықта Тассай тұрғын алабының тұрғындарынақызмет көрсететін болады деп мәлімдеді. Сондай-ақ, колледжде «AGRAR-APP»  мобилді қосымшасы іске қосылды. Осы қосымша арқылы студенттер сабақ кестесін, оқу үлгеріміне т.б. ақпараттарға қол жеткізе алады. Бұл ашықтықты, қолжетімділікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға  ықпалын тигізеді.