Túrkіstan joǵary agrarlyq kolejі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000

Басшылар

Тасполат Майя Полатқызы

Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары

        Мамандығы  математика-физика  пәнінің мұғалімі. Білім саласындағы жұмыс тәжірибесі  28 жыл. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы» ОҚО бойынша ПҚБАИ деңгейлік бағдарламалар орталығына халықаралық дәрежедегі тренері;  жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тренер. 6 әдістемелік құралдың, 21ғылыми мақаланың авторы. Түркістан Облыстық мәслихатының Грамотасымен марапатталған.

Айтқұл Рахымжан  Сметұлы

Директордың  тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары

         Мамандығы инженер-электрик, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 28 жыл. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төс белгімен, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан Облыстық мәслихатының Грамотасымен, Түркістан  Облысы Әкімдігінің  Алғыс хатымен марапатталған.

Қазыбаева Алима Тасболатқызы

Директордың  оқу -әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары

     Мамандығы  биолог, биология  ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 27 жыл.  Оңтүстік Қазақстан Облыстық мәслихатының Грамотасымен,  Оңтүстік Қазақстан Облысы Әкімдігінің  Алғыс хатымен, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталған.

 

Исабеков Байсерік Базаралыұлы

Директордың оқу өндірістік-практика ісі жөніндегі орынбасары

          Мамандығы агроном, Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 28 жыл. Техникалық және кәсіптік білім мекемелері оқытушылары мен оқушылары арасында өткізілген «Жыл шебері – 2014» облыстық (ОҚО) байқауында    «Ауыл шаруашылығы» саласы бойынша  І-дәрежелі дипломмен,  Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының  Грамотасымен марапатталған. 

Жақып Сандуғаш Дүйсенбайқызы

Директордың инновациялық және жаңа технологиялар жөніндегі орынбасары 

          Мамандығы  физика және информатика пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 17 жыл. Нұр Отан ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының  Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  Мадақтамасымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл  толуына орай  Республикалық Білім шыңы-ғылым сыры» журналының   «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» Мадақтамасымен,  медалімен, Түркістан облыстық  мәслихатының грамотасымен марапатталған.