Túrkіstan joǵary agrarlyq kolejі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000

«Аграрлық және орман шаруашылығы пәндері» кафедрасы

       Аграрлық және орман шаруашылығы пәндері» кафедрасының тарихы 1976 жылы құрылған «Агротехнология» кафедрасынан басталады. Кафедра 1502000 – «Агрономия», 1511000 – «Жерге орналастыру», 1508000 – «Орман шаруашылығы бақ-саябақ және ландшафттық құрылыс», 1514000 – «Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану», 1503000 – «Өсімдік шаруашылығы» мамандықтары бойынша маман дайындаушы кафедра саналады. «Агрономия» мамандарын дайындау 1976 жылдан, «Жерге орналастыру» мамандығы 2003 жылдан, «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығы 2004 жылдан,  «Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы бойынша 2009 жылдан, «Өсімдік шаруашылығы» мамандығы бойынша 2014 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Агрономия, өсімдік шаруашылығы, жерге орналастыру, орман шаруашылығы және экология салалаларында оқыту және ғылыми-зерттеулер жүргізу, болашақ мамандарды дайындау кафедра қызметінің негізгі бағыттары болып табылады.  Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі К.Камалов.

               Соңғы үш жылда 17 оқытушы халықаралық біліктілік арттыру курсынан өтті. Дуальды оқыту аясында жекелеген пәндер ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Түркістан облыстық филиалы, «Нұрша-Темир» ЖШС, «Қазгидромет» Түркістан облысы бойынша филиалы, ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» ММ-сі Түркістан облыстық инспектурасы, «Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС, «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК, РММ ірі ауылшаруашылық мекемелері мен фермерлік шаруашылықтарда жүргізіледі. 

gallery/02

        Студенттерді оқыту «Дуальды оқыту» және «Модульді құзыреттілікке негізделген» білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.   Соңғы бес жылда кафедра оқытушылары 15-тен астам ғылыми еңбектер мен оқулықтар құрастырып басып шығарды, сондай-ақ халықаралық, республикалық және облыстық басылымдарда 60-тан астам ғылыми мақалалар жариялады. Білім алушылар үшін кәсіби тәжірибе базалары  ретінде 15-тен астам  әлеуметтік серіктес мекемелермен (ірі ауылшаруашылық мекемелері мен ғылыми-зерттеу институттары) келісім шарттар жасалынған.

     1502000 – «Агрономия» мамандығы бойынша 2016-2017 оқу жылында дуалды және модульдік білім беру, 1508000 – «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығы бойынша 2014-2015 оқу жылында дуалды және модульдік білім беру, 1514000 – «Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы бойынша 2017-2018 оқу жылында модульдік білім беру, 1503000 – «Өсімдік шаруашылығы» мамандығы бойынша 2018-2019 оқу жылында модульдік білім беру жүйесі енгізілген.

        02.09.2019 жылғы мәлімет бойынша жалпы білім алушылар саны 330-ды құрайды.  2019 жылғы «Агрономия» және «Орман шаруашылығы бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандықтары бойынша бітірушілерінің жұмысқа орналасуы деңгейі - 84% құрады. Оқу үдерісін сапалы қамтамасыздандыру үшін кафедрада машықтану, зертханалық, ғылыми-зерттеулік жұмыстарды орындауға қажетті құрылғылармен жабдықталған 12 арнайы жабдықталған дәрісханалар мен зертханалар, 1 га жүзім, 1 га алма бау, 1 га көкөніс дақылдарын өсіретін алаңы. 

gallery/01
gallery/ворлд 1
gallery/ворлд 2

   Кафедраның оқытушылар құрамы 1502000 - «Агрономия» мамандығына оқитындар үшін барлығы - 15 модуль, 1508000 – «Орман шаруашылығы бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығы үшін 19 модуль, 1514000 – «Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы үшін 19 модуль, 1503000 – «Өсімдік шаруашылығы» мамандығы үшін 14 модуль және басқа мамандықтар үшін 4 модуль жүргізеді.   Оқу үдерісін сапалы қамтамасыздандыру үшін кафедрада машықтану, зертханалық, ғылыми-зерттеулік жұмыстарды орындауға қажетті құрылғылармен жабдықталған 12 арнайы жабдықталған дәрісханалар мен зертханалар, 1 га жүзім, 1 га алма бау, 1 га көкөніс дақылдарын өсіретін егістік пен дақылдардың ауыспалы тәжірибелік егіс алаңы, биозертхана, астық өнімдерінің қоймасы, орман көшеттіктерін өсіретін учаскелік алаң бар. Кафедраның зертханалары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

gallery/аграрлық және орман шаруашылығы