Túrkіstan joǵary agrarlyq kolejі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000
"Ауыл шаруашылығын механикаландыру" кафедрасы

   Кафедраның сапа саласындағы мақсаты

1. Кафедра оқытушыларының теориялық және әдістемелік деңгейін көтеру нәтижесінде оқу процесінің сапасын келесі көрсеткіштерге жеткізу:

           - Үлгерім көрсеткіші    - 100%

         - Сапа көрсеткіші          - 92%

      - Орта балы                    - 4,3

2. Оқытушылардың кәсіптік шеберлігін жоғарылату;

- Республикалық семинарларға, конференцияларға және байқауларға қатысу;

- Республикалық деңгейдегі оқу орталықтарында біліктілікті арттыру;

- Облыстық кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері арасында өткізілетін

байқауларға, конференцияларға және семинарларға қатысушыларды дайындау.

3. Оқу процесінде инновациялар мен оқытудың жаңа технологиясын кеңінен қолдану.

gallery/ауылшаруашылын механикаландыру

- Кафедра оқытушыларымен 8 оқу - әдістемелік талдау дайындау;

- Зертханалық – практикалық сабақтарда кәсіби дағдыларды қалыптастыратын

құрал-жабдықтар, шикізаттармен қамтамасыз ету;

- Әлеуметтік серіктестіктермен байланысты нығайта отырып, жаңа

технологияларды оқытуда оқытушыларды іс-тәжірибеден өткізу, дуальды және

модульдік оқыту жүйелерін жаңа жолға қою (шебер сыныптар, семинарлар,

дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізу).

4. Оқытушылардың педагогикалық біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыру.

- 14 ашық сабақ өткізу, І-ж.ж. – 8; ІІ-ж.ж. – 6.

- 1 оқытушы педагогикалық оқуда баяндама жасау

- 1 оқытушы – аттестациядан өту;

- 2 оқытушы – біліктілік арттыру курсына жіберу

gallery/screenshot_1

5. Білім алушыларға жоғары деңгейде экономикалық тәрбие беру

- Арнайы пәндерде мамандардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруда ақпараттық

құралдардан тың іс – тәжірибелерді қолдану;

- Кәсіпкерлік туралы мәліметтер беру;

- Президенттің кезекті Жолдауын насихаттау, талдау;

- Жаңа форматтағы білім беру бағдарламаларын білім алушыларға жеткізу,

ынталарын арттыру.

6. Сабақтан тыс іс – шараларға қоғамдық, спорттық, тәрбие жұмыстарына белсене араласуын қадағалау

- Worldskills,Agroskills чемпионаттарына қатысу және студенттерді дайындау;

- «Үздік топ жетекші» колледж ішілік байқауына қатысу;

- «Үздік дәрісхана» колледж ішілік байқауына қатысу;- «Үздік кафедра» колледж ішілік байқауына қатысу;

       Колледжде оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, ғылыми – әдістемелік жұмыстарды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда инновациялық технологиялар негізінде білім бере алатын  педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру оқу орнының негізгі мақсаттарының бірі. Осыған орай, 2018 жылы 5-9 қараша аралығында оқу - тәрбие жұмысын басқару, оқытушыларды жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу, өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талап қоя білуі, оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеруі, білім алушылардыңғылыми- танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді болуына ықпал жасау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру  мақсатында кафедраның«Бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың негізі – кәсіби тәжірибе»тақырыбындағы апталығы өткізілді.Колледж әдіскері Н.Оспанова  апталықтың жоғары деңгейде өтілгенін және өткізілген іс-шараларға барлық оқытушылар үлкен жауапкершілікпенқарағанын атап өтті. Сонымен қатар, оқытушыларға айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстар ескеріліп, алдағы уақытта одан да жоғары деңгейде өтетіндерін айтып, «5» деген бағамен бағаланды

gallery/screenshot_3

7. Білім алушылардың жан – жақты білімді болуына жеке тұлға болып қалыптасуына, өздігінен ізденуіне әсер ету

- Колледж ішілік апталықтар аясындағы қоғамдық іс – шаралар мен арнаулы

күндерді өткізуге белсене атсалысу;

- Қайырымдылық іс- шаралар мен жастар тәрбиесіне ықпалы бар кездесулер,

дөңгелек үстел, дебат, шебер сыныптар, «флэш - моптар» өткізу.

8. Озық технологиялық тәжірибелерді талдап отыру

- 2 оқытушы «Жас оқытушылар мектебіне» қатыстыру;

- 4 оқытушы «Жас оқытушылар мектебінде» сабақ өткізу.

9. 2019 жылдыңқараша айының 4.11-8.11 күндері аралығында «Білім мен кәсіби машық- құзыреттіліктің негізі» тақырыбында өтетін апталықты жоғары деңгейде өткізу.

      «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» саласы бойынша М-171 тобының студенті Шыныбек Нұрбах Халықаралық WorldSkills чемпионаты аясында өткен WorldSkills Shymkent-2018 байқауында  жүлделі І-орын алғаны үшін Оңтүстік Қазақстан білім басқармасының әдістемелік кабинетінің директорының дипломымен марапатталды.   WordSkills Kazakhstan –Жыл шебері -2018» республикалық  чемпионатына жолдама алды.

         М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстандағы мегаполистердің азық түлікбелдеуі және ауыл шаруашылық кооперациясы: проблемалар, ізденістер және нәтижелер»халықаралық ғылыми конференциясына 2-курс студенттері Сатыбалды Қ., Семей А. баяндамалары құнды деп табылып, 1-орын алса, Тынысбек А., Өмірзақ Е жүлделі 2-орынға ие болды. Осы конференцияға 3- курс студенттері Тұрлыбай Әліби, Назымбет Т. қатысып, 2-орынды иеленді.

gallery/screenshot_4
gallery/screenshot_5
gallery/screenshot_6
gallery/screenshot_7
gallery/screenshot_8