Түркістан жоғары аграрлық колледжі ресми сайтына қош келдіңіз!

ТүРКіСТАН ЖОҒАРЫ

АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000
gallery/ак01
gallery/ак002
gallery/ак003
Ақпараттық жүйелер порталы
ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРАНАН КӨРІНДІ!

      

      28-29 мамыр күндері Түркістан облысы білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ұстаздары арасында «Үздік колледж оқытушысы-2019» байқауы өтті. Облыстық додаданың «Қызмет көрсету және туризм» саласы бойынша Түркістан жоғары аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Ахметова Гүлназира үздік атанып, жүлделі І орынды, «Ауылшаруашылық» саласы бойынша Түркістан жоғары аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Жунисбекова Эльза Бұхарбайқызы жүлделі ІІ орынды, «Техникалық және технологиялық» саласы бойынша Түркістан жоғары аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Танишев Бағдаулет Насырұлы жүлделі ІІI орынды иеленді. Колледж ұжымы қуанышпен күтіп алды. Жеңіс тұғырынан көрініп, оқу орнымыздың мәртебесін арттырған әріптесімізді құттықтай отырып, алдағы еңбек жолына шығармашылық табыс тілейміз!

.