Түркістан жоғары аграрлық колледжі ресми сайтына қош келдіңіз!

ТүРКіСТАН ЖОҒАРЫ

АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000
gallery/ак01
gallery/ак002
gallery/ак003
Ақпараттық жүйелер порталы
«ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАҺАНДЫҚ КӨЗҚАРАСЫ»
І ФОРУМЫ ӨТТІ

      Түркістан жоғары аграрлық колледжінде "Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша жастарды дамыту Қорының "Жастарға жол" қоғамдық Қоры "Қазақстан балалар үйлерінің түлектерінің қауымдастығы" ЗТБ-мен бірлесіп "Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы" атты бірінші ауқымды форумы өтті.
      Форумның мақсаты – жастардың кәсіби бірігуіне, жас қазақстандықтардың елдің әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық өміріне қатысуына байланысты проблемалық мәселелерді анықтау және шешу.
      Форумға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев, еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам делегаттар және Қазақстанның 30-дан астам беделді спикерлері, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстанның балалар үйлерінің түлектері, еліміздің 10 аймағынан келген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.