Түркістан жоғары аграрлық колледжі ресми сайтына қош келдіңіз!

ТүРКіСТАН ЖОҒАРЫ

АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000
Электрмен қамтамасыз ету пәндері кафедрасы

       Кафедра меңгерушісі: Аманкулова Батпа Усембековна  – жоғары санатты ұстаз, арнайы пән оқытушысы.

Кафедра құрамы:

Айтқұл Рақымжан     Сметұлы                  жоғары санатты

Айтқұл Әділбек                                          санатсыз

Асау Сайыпжамал   Жолшыбекқызы        жоғары санатты

Аманкулова Батпа     Усембекқызы        жоғары санатты  

Беркимбеков Алиаскар Адилханович     бірінші санатты, магистр    

Бейпенова Нағима                                      жоғары санатты

Кемелова Айнұр                                         санатсыз        

Сахметова Гульмира Едиловна                 магистр

Уалихан Пердебек Арыстанұлы                санатсыз

     Кафедра 0902000 - «Электрмен қамтамасыз ету» ( салалар бойынша) мамандығы,

    0902033 – «Техник-электрик» біліктілігі бойынша бәсекеге   қабілетті мамандар даярлауда.

Мамандықтың кәсіптік қызметінің басты нысаны: 

электр қондырғылары және электр энергиясын қабылдағыштар;

электр желілері;

ауыл шаруашылық техникаларының автоматтандырылған жүйелері;

монтаждау; жөндеу; пайдалану; техникалық қызмет көрсетуді және электр қондырғылары мен электр энергиясын қабылдағыштардың ақауларын анықтаудың, электр желілерінің, ауыл шаруашылық техникаларының автоматтандырылған жүйелерінің технологиялық процестері;

электр энергиясын берудің технологиялық процестері;

ауыл шаруашылық ұйымдарының мамандандырылған бөлімшелерінің жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;

бастапқы еңбек ұжымдары.

Нормативтік оқу мерзімі:

Негізгі орта  білім базасы негізінде - 3 жыл 10 ай;

Жалпы орта білім базасы негізінде - 2 жыл 10 ай;

    Елімізде ауыл шаруашылығының тұтынушыларына және тұрғындарына энергияны

 өндіруге, жеткізуге, таратуға және тұтынуға жағдай жасауға бағытталған

 техникалық іс-шараларды жүзеге асыруда – «техник-электриктердің» үлесі зор.

0902000- «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар  бойынша)» мамандығы,

біліктілігі  0902033 «Техник-электрик»

 Ауыл шаруашылық тұтынушыларда (электр қондырғылары, электр энергия-

сын қабылдағыштар, электр желілері) және ауыл шаруашылық техникаларының автоматтандырылған жүйелерінде электршаруашылығының  сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды  ұйымдастыру және орындау,кәсіптік қызметтің тиісті негізгі түрлеріне арнайы құзыреттілігін меңгеретін  мамандық.  

  0902000- «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар  бойынша)» мамандығы,

  біліктілігі    0902033     «Техник-электрик маманына қажетті кәсіби қасиеттер:

ұқыптылық, ықыластылық

мақсаттылық,

өз бетімен шешім қабылдай алу,

жауапкершілік,

тапжылмайлық және тәуелсіз (өз пікірінің болуы).

0902000- «Электрмен қамтамасыз ету» (салалар  бойынша)» мамандығы,

 біліктілігі 0902033 «Техник-электрик бойынша  атқаратын кәсіби қызметтері:

электр жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді, оның профилактикалық тексеруді және жөндеуді жүзеге асыру;

монтаждау, жинау, өткізгіштер және осыған ұқсас электротехникалық сызбасын дайындау және әзірлеу;

электр жабдықтар мен жүйелерді дұрыс пайдалануды бақылау,

жабдықтардың жұмыс істеуінде ақаулар және бас тарту себептерін анықтау мен оларды жою;

электр жабдықтарын және құрылғыларын пайдаланатын қызметкерлерге оларды пайдалану тәртібі туралы нұсқау беру;

Кафедраның №105,№108,№110,№221,№222 оқу дәрісханалары  оқу дәрісханалары оқу процесіне лайықты жабдықталған.

gallery/ак01
gallery/ак002
gallery/ак003
gallery/05