Түркістан жоғары аграрлық колледжі ресми сайтына қош келдіңіз!

ТүРКіСТАН ЖОҒАРЫ

АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000
«Филологиялық пәндер» кафедрасы

           Кафедра оқытушылары алдында білім беру сапасын арттыру, оқу үрдісіне жаңа технологияларды ендіру, болашақ маманның шығармашылық әлеуетін дамыту, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы азаматты тәрбиелеу, бәсекеге қабілетті білікті маманның қалыптасуына ықпал ету, оқушыны әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне жақындату, қазақ және елімізде жасайтын өзге ұлттардың даму тарихын, салт-дәстүрлерін білуге қызығушылығын ынталандыру. «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында оқушылардың мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруін қамтамасыз ету, сабақ өту барысында ұлттық салт-дәстүрлер мен мемлекеттік рәміздерді сыйлау, отаншылдықты тәрбиелеу ісіне де көп көңіл бөлу, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру сынды мақсаттар тұр.

        Бәсекеге қабілетті түлектің кәсіби тұлғасын дамыту үшін тиімді жағдайларды жасау – кафедра оқытушылары алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

2. Кафедраның тарихы: «Филологиялық пәндер» кафедрасында 16 оқытушы қызмет атқарады. Олардың ішіндегі жоғары санаттылары

 Ғ. Бағысбеков, Н. Утешов, А. Үсіпбекова, Н. Найманбаева,  А. Кудьяров,  Ж.Сопбеков, Г.Абдирова,  Бірінші санатты оқытушылар:

 Г. Төлеуова. Екінші санатты оқытушылар: А. Налибаева , З. Дурсунова,

Д. Жиенбаева,  Жай санаттылар: М. Байырбеков, Н. Рысбаева, Л. Айдарова,

Г. Сатқанбаева, Б. Наран. Сонымен қатар бес магистр қызмет атқарады.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай 19.09.-15.12.2016ж. аралығында ұйымдастырылған

 колледжішілік “Мен өз елімнің патриотымын” 25 игі іс шараның жоспарының орындалуы:

 1 .«22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күніне» орай өткізілген «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз» атты мерекелік іс-шара  20.09.2016 ж.

2   “ Қазақ тілінің бүгінгі күнгі қолдану аясы мемлекеттік   тіл  мәртебесіне сәйкес  немесе сәйкес емес”. (Дебат сайысы)   А9-161, Э9-161 тобы. 21. 09. 2016  ж.

 ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Тәуелсіз ел – тірегім» атты колледжішілік байқау.

4. “Ақ беттерге  ой шерттім” атты  «Жас қаламгер - 2016»  клубы жас ақындарының шығармашылығына арналған  әдеби – сазды кеш.

5. “Бір ел - бір кітап” республикалық  акциясы аясында азаттық жырының ақтаңгері Дулат Бабатайұлының  “Өсиетнама”    жинағын насихаттау мақсатында  өткізілген әдеби-сазды кеш.

gallery/ак01
gallery/ак002
gallery/ак003
gallery/09