Túrkіstan joǵary agrarlyq kolejі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000
Бөлімге қарасты мамандықтар

1222000- «Консерві  және тағам  концентраттары өндірісі» мамандығы

        Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мамандық бойынша Қазақстан Республикасындағы орта кәсіптік оқу орындарындағы білім алушылардың  дайындық деңгейін және сапа талаптар баламалылығын қамтамасыз етеді.

     

1222000- «Консерві  және тағам  концентраттары өндірісі» мамандығы бойынша кәсіптік және техникалық білім беру  бағдарламасының  төмендегідей біліктілік деңгейінде жүзеге  асады.

  • 122202 2-Пісіру аппаратшысы;
  • 122205 2-Құю-толтыру автоматарының машинисі;
  • 122207 3 -Техник-технолог;

Жұмысшы мамандығы  бойынша кәсіпті құзыреттіліктері:

  • шикізаттарды, өнімдерді, сіріңділерді күбілерде, отпен, бумен қыздырылатын қазандарда немесе газ және электр пештерде пісіру;
  • әр түрлі тағам шикізаттары мен өнімдерін пісіру үдерісінің технологиясын әзірлеу;
  • пайдаланатын шикізаттар мен дайын өнімнің сапасын бақылау;
  • еңбекті  қорғаудың  ережелері  мен нормаларын;
  • автоматты толтырғыштарды реттеу;
  • консерві өнімдерінің пропорционалдығын және қалбырларды толтыруға арналған құрауыштардың сәйкес ара қатыстылығын сақтау;
  • жабдықтарға санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу;
  • технологиялық жабдықтарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету;
  • Техник-технологтың кәсіби  қызметінің нысандары болып табылады:
  • технологиялық құжаттаманы нормативтік базаға сәйке рәсімдеу;
  • негізгі өнім түрлеріне құжат талаптарын қолдану;
  • сапа жүйесіне құжаттаманы қолдану;
  • қарапайым микробиологиялық зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерге баға беру;
  • консервілер мен тағам концентраттары өндірісінде мкроорганизмдердің қатысуымен үдерістер туралы білімді пайдалану;
  • технологиялық үдерістерді реттеу, бақылауға арналған технологиялық параметрлерді өлшеу және реттеу құралдарын пайдалану;
  • жаңа технологияны, еңбекті ұйымдастырудың  озық  әдістерін енгізуге қатысу керек

1226000 – «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру  технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандарының  кәсіптік  қызметінің  нысаны:

 

Лаборанттың  кәсіби  қызметінің нысандары  болып табылады:

  • жалпы  қабылданған  әдістер бойынша  тағамдық  өнмдерді, жартылай  өнімдер  мен аспаздық  өнімдерді зерттеу;
  • тамақтандыру кәсіпорындарына  түскен  және  осы кәсіпорындар тарататын  өнімдерге  экспертиза  жүргізу.

Көкөніс тұздаушының  кәсіби қызметінің  нысандары  болып табылады:

  • орамжапырақты,  қияр және басқа  да көкөністерді тұздау;
  • орамжапырақтың  ферментация  ережесі;
  • орамжапырақтың  ферментациясын  және  көкөністерді тұздау әдістерін бақылау.

Технологтың  кәсіби қызметінің  нысандары болып табылады:

  • шикізатты  өңдеудің  технологиялық үрдісі; салқын, бірінші, екінші  тәтті  тағамдарды, ұн  аспаздық және  кондитерлік  өнімдерді  салқын және  диеталық  тамақтандыру  тағамдары ; дайын тағамдары әсемдеу және жіберу, ережесі; дайын тағамдар  сапасына  қойылатын талаптар.
  • Жұмыс орындарын  дайындау  және  ұйымдастыру; еңбекті, өндірісті  ұйымдастыру; технологиялық  құрал-жабдықтармен, қауіпсіз  жұмыс  істеудің  жалпы  ережелері; тамақтандыру  кәсіпорындарында  еңбекті  қорғау  және  техника  қауіпсіздігі;
  • Шикізаттың, жартылай өнімдердің дайын тағам мен  өнімнің  сапасын  бақылау  әдістері мен амалдары;
  • Менеджменттің  негізгі функциялары, басқару  әдістері  шешім  қабылдау,  персоналды  материалдық  және рухани ынталандыру.

Техник-технологтың кәсіби  қызметінің нысандары болып табылады:

  • шикізатты  өңдеудің  технологиялық  үрдісі; салқын, бірінші, екінші,  тәтті  тағамдары,  тұздықтарды, ұн аспаздық және  кондитерлік өнімдерді,   салқын  және ыстық сусындарды  дайындау  технологиясы; емдік-профилактикалық және диеталық тамақтандыру  тағамдары; дайын  тағамдарды  әсемдеу және жіберу, ережесі; дайын  тағамдар сапасына  қойылатын талаптар.
  • тамақтандыру  кәсіпорындарының түрлі  типтерінде қызмет  көрсету; сауда  бөлмелерін  қызмет  көрсетуге  дайындау;  банкеттер мен  қабылдауларды ұйымдастыру, тұтынушыларға, банкет пен қабылдауларға  қызмет көрсету; шетелдік  туристерге  қызмет  көрсету;  қызмет көрсетудің  арнайы  түрлеріне   қызмет  көрсетуді ұйымдастыру.

       Бардың  түрлі типтеріне қызмет көрсету; бар жұмысын  ұйымдастыру;  аралас  сусындар мен коктейльдерді дайындау  технологиясы, әсемдеу және  ұсыну,  сапасына  қойылатын талаптар.

0601000-«Метрология, стандарттау және сертификаттау» мамандығы

       «Стандарттау технологы» ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қызметі мен жұмыстарын стандарттау мен сапасын басқарудың  маңызды принциптері мен әдістерін, Қ.Р.стандарттаудың мемлекеттік  жүйесінің қызметін және  халықаралық стандарттау құқықтық мөлшерлі-техникалық негіздерін білетін маман ретінде дайындалады.

       Қ.Р. «Стандарттау және сертификаттау туралы» заңының негізгі ережелері мен баптарын, стандарттауға тиіс объектілер мен қызмет түрлерін Қ.Р.мемлекеттік стандарттары  мен техникалық шарттарын жасаудың  қағидалық құжаттарын, принциптері мен әдістерін, стандарттау мен бақылауды мемлекеттік басқарудың  құрылымы және қызметін, сапаны қамтамасыз етудің принциптерін білуі тиіс. Стандарттау технологы мал шаруашылығы өнімлдерін, шикізаттарын, қайта өңдеу тауарларын, мал дәрігерлік қызмет көрсету техникалық процестерін бақылайды. Мемлекеттік үлгідегі дипломмен қатар лаборант-таксиколог мамандығын қосымша алады.

0508000 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы

 

                                                                        Біліктілігі: 0508012 – «Аспаз»                                                                            

  • қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты бұйрық – жарлықтарды, қаулыларды және басқа да жетекшілік және нормативті құжаттарды;
  • тағамдар мен аспаздық өнімдердің ассортименті мен оларға қойылатын талаптарды;
  • санитарлық – гигиеналық, технологиялық талаптарды, тағамдар мен аспаздық өнімдердің рецептура жинағын;
  • тиімді және емдәмдік тамақтандыру негіздерін;
  • ас мәзірін құрастыру тәртібін;
  • өнімдер есебі мен беру нормаларының ережелерін;
  • тағамдар мен аспаздық өнімдер калькуляциясын;
  • өндірістік тауарларға, шикізат пен жартылай өнімдерге стандарттар мен ТШ;
  • дайын өнімдерді, шикізат пен жартылай өнімдерді сақтау ережелері мен мерзімдерін;
  • технологиялық жабдықтар түрін, жұмыс қағидаларын, техникалық сипаттамаларын және қолдану жағдайларын;
  • өндірістік бөлмелерге, жабдықтарға, құрал – саймандар мен ыдыстарға және т.б. талаптарды;
  • ішкі тәртіп ережелерін;
  • еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.

     Кәсіптік қызметінің объектілері: Мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, мамандандырылған кәсіпорындар, тамақтану коминаттары. Техник-технологінің кәсіптік қызмет түрлеріне жататындар:  аспазшы, шеф аспазшы.

1224000 – «Cүт тағамдарының өндірісі» мамандығы

                                         

Біліктілігі:  – «Техник  - технолог» 

Техник-технолог білуі және істей білуі тиіс:

  • сүт және сүт тағамдарын өндіру технологиясын;
  • процестердің   теоретикалық  негіздерін;
  • нарықтық экономиканың, менеджменттің, маркетингтің  негіздерін;
  • өндірістің  санитарлық, қауіпсіздік  техникасының ережелерін;
  • жабдық және оны пайдалану ережелерін;
  • шикізат пен  өнімдердің  техникалық қасиеттерін анықтау;
  • реттеу процесінің  сапасын анықтау;
  • жоғары сапалы  өнімдерді шығару үшін ең аз  мөлшер шығын ресурстарды  қамтамасыз ету;
  • сүт өнімдерін шығарғанда бақылаудың  барлық түрлерін  жүзеге асыру;
  • оперативтік  есеп және  есеп беруді  жүргізу;
  • еңбек қауіпсіздігінің   талаптарының  орындалуын  қамтамасыз ету;
  • өндірістің  қаржы жағдайын  таңдауы.
  • Техник-технологтың  қызмет объектілеріне құжаттауды  қамтамасыз ету  қызметі, жеке жұмыс учаскесі мен ҚҚБ  қызметінің  инспекторы ретінде қызмет көрсету жатады.
  • Кәсіптік  қызметінің түрлері:
  • өндірістік-технологиялық жұмыстар;
  • өндірістік – басқару жұмыстары.