Түркістан жоғары аграрлық колледжі ресми сайтына қош келдіңіз!

ТүРКіСТАН ЖОҒАРЫ

АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000
«ИФМ және экономикалық пәндер» кафедрасы

      Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа талаптағы мамандарды қажет етіп отыр. Ондай мамандар бейім өзгеріп отыратын әлеуметтік –экономикалық процестерді талдай білуге, өзгеріс пен жеке адамдар арасындағы ықпалдастықтың ізгілікке асатын бір қалыптылықтан арылта білуі тиіс. Осы жағдайларға байланысты орта арнаулы оқу орнының ең бір маңызды міндеті кәсіби жағынан білімді де құзыретті маман даярлау болып отыр. Оқу үрдісінде оқытудың жаңа әдістерімен инновациялық технологияларды сабақтарда кең көлемде қолдануға ықпалын тигізді.

       Оқытудың сапасын көтеру міндеті барлық ұстаздар қауымын жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді іздеуге итермелейді, себебі қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Сондықтан, мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз үшін қазіргі таңдағы қажетті болып табылатын ақпараттық мәдениетін қалыптастыра білуіміз қажет.

      Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бр-бірімен астасып жатқандықтан, оқу барысында білім алушының пәнге деген қызығушылығын арттыру қажет және шығармашылық қабілеттерін дамыту керек.

     Кафедра оқытушылары алдында білім беру сапасын арттыру, оқу үрдісіне жаңа технологияларды ендіру, болашақ маманның шығармашылық әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілетті білікті маманның қалыптасуына ықпал ету, білім алушыны әлемдік және отандық жетістіктеріне жақындату сияқты сынды мақсаттар тұр. Сондықтан, бәсекеге қабілетті түлектің кәсіби тұлғасын дамыту үшін тиімді жағдайларды жасау – кафедра оқытушылары алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

    «ИФМ және экономикалық пәндер» кафедрасы колледждің барлық мамандықтарын оқытуға үлесін қосады. Кафедраға қарасты оқу дәрісханалары оқу үрдісіне қажетті құрал-жабдықтармен, жаңа буынды компьютерлермен, ТОҚ және өзге жабдықтармен қамтылған. Кафедра оқытушылары өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Колледжде үнемі ашық сабақтар өткізіп, әріптестерімен іс-тәжірибесімен бөлісіп отырады, сонымен қатар, жаңа инновациялық технологияларын қолданып, көпшілікке таратып, білім алушылардың ақыл-ой қабілетін дамыту барысында аянбай еңбек етуде. Шығармашылық еңбектері басылымдарға шығып тұрады; облыс, аудан, колледж әкімшілігі тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталды.

2.  Кафедра құрамы.

«ИФМ және экономикалық пәндер» кафедрасында 15 оқытушы қызмет атқарады. Олардың ішіндегі жоғары санаттылары:

Төлебаев К.А., Қожабек Б.Ө., Айтмирзаева Р.О., Утешова Г.М., Жақып С.Д.

Бірінші санаттылары: Абдрахимова Б.А., Баимбетова Б.Р., Махатова Ж.С., Отарбаева С.,

Тағаев С.Д., Ратанова Ш.А.

Екінші санаттылары: Бедебаева А.,

Сонымен қатар, жас оқытушылар: Ерботаева М., Ташменов С., Нұрсеитова А.

gallery/ак01
gallery/ак002
gallery/ак003
gallery/07