Түркістан жоғары аграрлық колледжі ресми сайтына қош келдіңіз!

ТүРКіСТАН ЖОҒАРЫ

АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000
gallery/011
gallery/011
Ақпараттық жүйелер порталы
«Аграрлық және орман шаруашылығы пәндері» кафедрасы

  

    «Аграрлық және орман шаруашылығы пәндері» кафедрасының тарихы 1976 жылы құрылған «Агротехнология» кафедрасынан басталады.

      Кафедра 1502000 – «Агрономия», 1508000 – «Орман шаруашылығы бақ-саябақ және ландшафттық құрылыс», 1514000 – «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану» мамандықтары бойынша маман дайындаушы кафедра саналады. «Агрономия» мамандарын дайындау 1976 жылдан, ал, «Орман шаруашылығы бақ-саябақ және ландшафттық құрылыс» 2004 жылдан,  «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану» мамандығы бойынша 2009 жылдан бастап жүргізіліп келеді.     

gallery/ак01
gallery/ак002
gallery/ак003

       Агрономия, экология және орман шаруашылығы салалаларында оқыту және ғылыми-зерттеулер жүргізу, болашақ мамандарды дайындау кафедра қызметінің негізгі бағыттары болып табылады.  

Студенттерді оқыту «Дуальдық оқыту» және «Модульді құзыреттілікке негізделген» білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. 

     Мамандар дайындауды 15 оқытушы жүзеге асырып келеді, олардың ішінде 1 ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі, 2  ғылым кандидаттары, 1 ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі, 1 педагогика ғылымының магистрі, 1 бірінші санатты, 7 екінші санатты, 2 санаты жоқ оқытушылар бар. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі К.А.Камалов.

     Кафедра оқытушылары Техникалық және кәсіптік білім мекемелері оқытушылары мен оқушылары арасында өткізілген «Жыл шебері – 2014» облыстық (ОҚО) байқауында «Ауылшаруашылығы» саласы бойынша Б.Б.Исабеков І-орын, 2015 жылы «Жыл шебері – 2015» облыстық (ОҚО) байқауында «Ауылшаруашылығы» саласы бойынша О.А.Бекаулов ІІІ-орын иегерлері. Кафедра оқытушылары ҚР Президентінің жарлығымен мерекелік медалімен, ҚР АШМ, ҚР БжҒМ, ОҚО әкімдігінің, ОҚО білім басқармасының, ОҚО мәслихатының естелік марапаттарымен, төс белгілермен және мақтау қағаздарымен марапатталған: Н.Ж.Алипбеков, Д.А.Сыдық, О.А.Бекаулов, Б.Б.Исабеков, М.С.Исмаилов, М.Е.Жамкеева, Қ.А.Камалов.

      Соңғы үш жылда 11 оқытушы халықаралық біліктілік арттыру курсынан өтті.

     Кафедраның оқытушылар құрамы 1502000 - «Агрономия» мамандығына оқитындар үшін барлығы - 14 пән, 1508000 – «Орман шаруашылығы бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығы үшін 11 пән, 1514000 – «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану» мамандығы үшін 14 пән және басқа мамандықтар үшін 4 пән жүргізеді.

     Дуальды білім беру аясында жекелеген пәндер «Аманкелді» ЖШС, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ ОҚО филиалы, «GLOBAL GH» ЖШС, «Қазгидромет» ОҚО бойынша филиалы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ке АҚ ОҚО бойынша филиалы жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті, ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» ММ-сі Оңтүстік Қазақстан облыстық инспектурасы, «Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС, «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК, «Сырдарья-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк» КММ, «Сайрам – Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» КММ ірі ауылшаруашылық мекемелері мен фермерлік шаруашылықтарда жүргізіледі.

     Оқу үдерісін сапалы қамтамасыздандыру үшін кафедрада машықтану, зертханалық, ғылыми-зерттеулік жұмыстарды орындауға қажетті құрылғылармен жабдықталған 11 арнайы жабдықталған дәрісханалар мен зертханалар, 1 га жүзім, 1 га алма бау, 1 га көкөніс дақылдарын өсіретін егістік пен дақылдардың ауыспалы тәжірибелік егіс алаңы, астық өнімдерінің қоймасы, орман көшеттіктерін өсіретін учаскелік алаң бар. Кафедраның зертханалары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Соңғы бес жылда кафедра оқытушылары 15-тен астам ғылыми еңбектер мен оқулықтар құрастырып басып шығарды, сондай-ақ халықаралық, республикалық және облыстық басылымдарда 60-тан астам ғылыми мақалалар жариялады.

Білім алушылар үшін кәсіби тәжірибе базалары  ретінде 15-тен астам  әлеуметтік серіктес мекемелермен (ірі ауылшаруашылық мекемелері мен ғылыми-зерттеу институттары) келісім шарттар жасалынған.

1502000 – «Агрономия» мамандығы бойынша 2016-2017 оқу жылында дуалды және модульдік білім беру жүйесі, 1508000 – «Орман шаруашылығы бақ-саябақ және ландшафт құрылыс» мамандығы бойынша 2014-2015 оқу жылында дуалды білім беру жүйесі енгізілген.

01.02.2017 жылғы мәлімет бойынша күндізгі бөлімде 132 студент білім алуда.

2017 жылғы «Агрономия» және «Орман шаруашылығы бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандықтары бойынша бітірушілерінің жұмысқа орналасуы деңгейі - 90% құрады.

gallery/01