Түркістан жоғары аграрлық колледжі ресми сайтына қош келдіңіз!

ТүРКіСТАН ЖОҒАРЫ

АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖі

gallery/түркістан жоғары аграрлық колледжі000
Түркістан жоғары аграрлық колледжі ресми сайтына қош келдіңіз!

Ішкі тәртіп ережелері

Түркістан облысы әкімдігі Білім басқармасының

 

       Осы Ережелер Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына, «Түркістан жоғары аграрлық колледжі» КМҚК (бұдан әрі –Колледж) ішкі тәртібін, студенттердің негізгі құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, сондай-ақ студенттердің Колледждегі қызметімен байланысты басқа да мәселелерді реттейтін колледж Жарғысына сәйкес әзірленді.

Ішкі тәртіп ережелері студенттердің орындалуына міндетті болып табылады.

Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Түркістан жоғары аграрлық колледжі » КМҚК (бұдан әрі мәтін бойынша–колледж) студенттер тіршілігінің ішкі тәртібін белгілейтін негізгі жергілікті нормативтік актісі болып табылады.

1.2. Студенттер (Директордың бұйрығымен Колледжге оқуға қабылданған тұлғалар) оқу жоспарлармен және білім беру бағдарламаларымен қарастырылған білімді меңгеруге және тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

1.3. Оқу тәртібі Колледждің әкімшілігімен жұмыстың қалыпты жоғары өнімділігі үшін, оқу міндеттерін сендіру, тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбегі мен оқуын мадақтау тәсілдерімен саналы түрде орындауы үшін қажетті ұйымдық және экономикалық жағдайларын жасаумен қамтамасыз етіледі. Тәртіпті бұзғандар үшін тәртіптік жаза қолданылады.

1.4.  Ішкі тәртіп ережелерін пайдаланумен байланысты барлық мәселелер Колледждің әкімшілігімен өз құқығы шегінде шешіледі, ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Ішкі тәртіп ережелерімен қарастырылған жағдайларда – бірлесе отырып немесе студенттердің кәсіподақ комитетімен және Колледждің Студенттік кеңесімен келісім бойынша шешіледі. 

1.5. Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережелері, сондай-ақ олардың барлық өзгерістері мен толықтырулары Инженерлік-педагогикалық кеңесте әкімшіліктің ұсынысымен қабылданады және директордың бұйрыққа қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.

1.6. Студенттер тіршілігінің ішкі тәртіп ережелерінің мәтіні Колледжде хабарландыру тақталарында ілінеді.

 

Студенттердің негізгі құқықтары

Колледж студенттері мыналарға құқылы:

2.1 ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

2.2 Шарт бойынша қосымша ақылы білім алуға; 

2.3 Өз адами абыройын құрметтеуге, арының еркіндігіне, өз пікірін және сенімдерін еркін білдіруге;  

2.4 Колледж қызметінің маңызды мәселерін талқылауға және шешуге қатысу, соның ішінде қоғамдық студенттік ұйымдары және колледжді басқару органдары арқылы;

2.5  Колледжде кітапханамен, ақпараттық қорлармен, оқу, емдеу және басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметтерімен тегін пайдалануға;

2.6 Барлық шығармашылық жобаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, симпозиумдарға, жиналыстарға, байқауларға, фестивальдарға қатысу мүмкіндігі, өз жұмыстарын басылымға, соның ішінде колледждің басылымына ұсынуға;

2.7 Оқыту сапа мен тәсілдері туралы пікір білдіру мүмкіндігі және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізуге;

2.8 Студенттік өзін-өзі басқару органдарын және студенттік қоғамдық ұйымдарын құруға; 

2.9 Колледждің оқытушыларына ұсынылатын факультативтік курстарын таңдауға;

2.10 Колледждің басқару органдарына сайлану және сайланған болу;

2.11 Колледжде ұйымдастырылатын тәрбие жұмысы немесе студенттік демалыс аясында іс-шараларға еркін қатысу.

 

Студенттердің негізгі міндеттері

Колледж студенттері міндетті:

3.1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында бекітілген міндеттерін орындауға.

3.2  Колледж Жарғысын, колледжде ішкі тәртіп ережелерін, Студенттердің Ар-намыс кодексін сақтауға, инженерлік-педагогикалық кеңесінің шешімдерін, директордың, оқу, шығармашылық, ғылыми үрдістерін және оларды ұйымдастыру, өткізуді реттейтін директордың орынбасарларының бұйрықтары мен өкімдерін орындауға; Колледж студенті деген атағын абыроймен алып жүруге; студенттік жатақханада тұру ережелерін сақтауға.

3.3  Колледждің барлық оқу формаларының студенттері білім меңгеру, белгіленген мерзімде барлық тапсырмалар түрлерін орындау, барлық емтихандар мен сынақтарды оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларына сәйкес белгіленген мерзімде (емтихандық сессия) қатаң түрде тапсыруға міндетті.

3.4  Мәдени және кәсіби деңгейін арттыруға.

3.5 Тиісті ережелер және нұсқаулармен қарастырылған, Колледж директорымен бекітілген еңбек қорғау, қауіпсіздік техника, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы, және өртке қарсы қорғау бойынша талаптарын сақтауға.

3.6 Колледж әкімшілігіне қалыпты жұмысқа кедергі болатын немесе қиындататын жағдайлар туралы (апат, басқа төтенше жағдайлар) кідірмей баяндау және оларды жоюға қажетті шараларын қабылдау тиіс.

3.7  Өз оқу жабдығын (техникалық оқыту құралдары) жұмыс қалпында ұстау, оқу орнында тазалықты ұстану, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың белгіленген тәртібін сақтау қажет.  

3.8 Колледждің мүлігін бүлдіруден сақтау, құрал-жабдықтар мен техниканы тиімді пайдалану, студенттерге пайдалануға берілетін құрал-саймандарға, концерттік костюмдерге және басқа да заттарға ұқыпты қарау, қуатты, отынды, суды және басқа да ресурстарды үнемдеу және тиімді шығындау.

3.9 Колледж оқушыларының, оқытушыларының және қызметкерлерінің   адами адамгершілігі мен ой-пікірін құрметтеу, басқа тұлғалардың пікіріне сабырлықпен қарау.

3.10 Колледждің оқу ғимаратында, жатақханасында және тағы басқа ғимараттарында болған кезде өзін лайықты ұстау, басқа студенттерге олардың міндеттерін орындауға кедергі болатын әрекеттерден ұстану, жалпыға ортақ адамгершілік және этикалық нормаларға тиісті болу, Колледждің іскерлік абыройын қорғау.

3.11 Тәртіпті болу, Колледждің барлық оқу және басқа да үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау, сенбіліктерге және Колледждің оқу ғимараты мен жатақханасының оқу және қосалқы үй-жайларын, оның айналасын  жинау бойынша және басқа да іс-шараларына күнделікті қатысу.  

3.12 Студенттер ұқыпты болуы тиіс, іскерлік киім үлгісін сақтау қажет, Колледжде, далада, қоғамдық орындарында және тұрмыста өзін лайықты ұстау.

3.13 Колледждің үй-жайларында тыйым салынады:

қатты сөйлеу, шу, дөрекі лексиканы пайдалану, сабақ кезінде дәлізде жүру;

біреулердің екіншіге сорлық-зомбылық көрсету немесе қоқан-лоқы жасау, озбырлық пен бір–бірін балағаттау актілері, басқыншылық немесе бұзақылық тәртібі (бопсалаушылық, дөрекі тәртібі, шулар, түкірік және т.с.с.), басқалардың мүлігін тонау, басқа адамдардың және Колледждің жеке мүлігін қасақана бүлдіру;

оқу ғимаратында, жатақханада, тиісті емес жерлерде темекі шегу;

спирт ішімдіктерін, улағыш құралдарын қолдану, есірткілік  есіру;

құмар ойындары.

3.14 Студент академиялық адалдығын сақтау тиіс және төмендегілерге жол бермеу қажет:

көшіріп жазу, өзіне немесе басқа біреуге академиялық жұмыс орындау кезінде, аралық немесе қорытынды аттестаттау барысында көмек көрсету мақсатымен шпаргалка және ақпарат алудың басқа да заңсыз тәсілдерін пайдалану;

плагиат, яғни кімде-кімнің идеясын немесе қорытындыларын ұрлау немесе өзіне тиесілдігін жалған білдірсе, тиісті жұмысын жеке ойлары мен идеяларының нәтижесі ретінде ұсынған жағдайда;

жалған құжаттар мен мәліметтер, жалған айту, сақталатын ақпаратты (соның ішінде компьютерлік) рұқсатсыз көшірмелеу, өзгерту немесе кез келген басқа да пайдалануды қосқанда кез келген лайықты емес басқа да тәртіптерін. Осындай бұзушылықтарға дәлелді жататын бола алатындай басқа да ұқсас қылықтар.

 

Студенттік өзін-өзі басқарудың қоғамдық органдары

4.1. Студенттік кеңес өз қызметінде ҚР заңнамасын, осы Ережелерді және басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылық етеді. 

4.2. Студенттік кеңес студенттер мен топ басшыларының жалпы жиналысында сйланған тұлғалардан құрылады.

4.3. Студенттік кеңес:

топ басшыларының қызметін үйлестіреді;

студенттерді Колледждегі (кабинеттерді жинау) және айналасындағы аймақта қоғамдық-пайдалы жұмыстарын орындау үшін еркін түрде тартады;

Колледждің әкімшілігіне материалдық құндылықтарды сақтаудағы бақылауды ұйымдастыруға көмек береді;

студенттердің мүдделерін қорғайды;

мәдени-көпшілік жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға көмек береді.

 

Оқу күн тәртібі, оқу уақыты және оны пайдалану

5.1 Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады, екі семестрден тұрады (әр семестр 2 аралық аттестациялаудан тұрады) және осы білім беру – кәсіби бағдарламасы бойынша оқу жоспарына сәйкес аяқталады. Колледждің инженерлік-педагогикалық кеңесі оқу жылының басталуын өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы.

5.2 Колледждегі оқу үрдісі оқу жоспарлары мен сабақтар кестесіне сәйкес аптасына 6 күн ішінде (дүйсенбіден сенбіге дейін) жүзеге асырылады. Жексенбідегі және мереке күндердегі оқу үрдісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше жағдйларда ғана жіберіледі.

5.3 Колледжде оқу қызметінің мынадай негізгі түрлері белгіленеді:

 оқу сабақтары: дәріс, тәжірибелік сабақ, семинар сабағы, зертханалық сабақ;

бақылау формалары: емтихан, сынақ, өзіндік жұмысы, бақылау жұмысы, тест, шығарылатын білікті жұмысын қорғау, мемлекеттік емтихан;

оқу жұмысының басқа да түрлері: кеңес берулер, тәжірибе, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс, біліктілік жұмыс.

5.4 Сабақтар кестесі директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарымен бекітіледі және сабақ басталмас бұрын 7 күннен кешіктірмей белгіленген орнында ілінеді.   

5.5  Сабақ басталғаннан соң барлық оқу және оған жақын үй-жайларда оқу сабағының қалыпты барысына қажетті тәртіп пен тыныштық сақталуы тиіс. Оқу сабақтарын бұзуға, сабақ өткізу кезінде дәрісханаға кіруге және одан  шығуға жол берілмейді.

5.6 Сабақты оқытушымен нақты бастауынан кейін студенттердің дәрісханаға кіру және шығуы оқытушының рұқсатымен ғана жіберіледі.

5.7 Тәжірибелік, семинарлық және дәрісханалардағы сабақтардың басқа түрлерін өткізу үшін әр курс академиялық топтарға бөлінеді, қажет болған жағдайда – кіші топтарға. Академиялық топтары мен кіші топтарының құрамы директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының өкімімен белгіленеді.

5.8 Әр академиялық тобында үлгерімі жақсы және тәртіпті студенттер қатарынан топ басшысы тағайындалады. Топ басшысы курстық кураторына тікелей бағынады және Колледждің Жарғысы аясында оның барлық өкімдері мен тапсырмаларын орындайды.

5.9 Әр академиялық тобында студенттердің үлгерімі мен қатысуын есепке алу журналы белгіленген формада жүргізіледі, ол оқу бөлімінде сақталып, күнделікті сабақ басталмас бұрын оқытушыға онда баға қою үшін, сондай-ақ  сабаққа қатысушылар және қатыспағандарды белгілеу үшін беріледі.

5.10 Сабаққа дәлелді себептермен келмеген жағдайда келесі күннен кешіктірмей студент топ кураторына ол жөнінде мәлімет ету тиіс және оқуға бірінші келген күні сабаққа қатыспау себебі жөнінде мәліметті және мазмұнында ақталу мәліметі бар белгіленген үлгідегі құжаттарын (анықтамалар, шақырулар, хаттар, телеграммалар және т.с.с.) ұсыну тиіс. 

 

Оқудағы жетістіктері үшін көтермелеу

6.1 Оқудағы жетістіктері мен Колледждің шығармашылық, ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін студенттер үшін мынадй көтермелеу формалары орнатылады:   

алғыс айту;

бағалы сыйлықпен марапаттау;

Колледждің Құрмет грамотасымен марапаттау;

басқа да ынталандыру шаралары.

Мадақтаулар директордың бұйрығымен жарияланады, ұжымның мәліметіне жеткізіледі және студенттің жеке ісінде сақталады.  

 

Оқу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілігі

7.1 Оқу жоспарын орындамаған үшін, Колледж Жарғысымен қарастырылған бұзушылықтары, міндеттерді, Ішкі тәртіп ережелерін, Жатақханада тұру ережесін, Студенттің ар-намыс кодексін орындамаған үшін студенттерге қатысты түрлі тәртіптік жазалау шаралары, тіпті оқу орнынан шығаруға дейін қабылдана алады:

ескерту

жеке ісіне енгізумен сөгіс

колледжішілік есебіне қою

жатақханадан шығару

Колледжден шығару.

7.2 Білім алушылар тәртіптік жазаларын келесі жағдайларда алу мүмкін:

осы Ішкі тәртіп ережелерімен, Студенттік жатақхананың ішкі тәртіп ережелерімен, Студенттердің ар-намыс кодексімен қарастырылған міндеттерді бір мәрте немесе жүйелі түрде орындамағаны үшін;

дәрісханаларды бөгде мақсатта қолданғаны үшін;

дәрісханаларды қиратқаны немесе мен бұзғаны үшін;

сабаққа мас күйінде немесе есірткі заттардың әсерінде келгені үшін;

орынсыз себептермен сабаққа отыз сағат және одан көп уақыт бойы келмеген жағдайда;

есірткі  заттарды сақтаған, таратқан жағдайда;

жатақханада жарылғыш, химиялық қауіпті заттар немесе қару-жарақ сақтаған жағдайда;

Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген өзге де жат қылықтарды көрсеткен жағдайларда.

7.3. Жауапкершілікке тарту Колледж директоры бұйрыққа қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады.

7.4. Құжаттарға немқұрайды қарағаны үшін (студенттік билетті, сынақ кітапшасын  т.б жоғалту) студенттерге тәртіптік жаза түрлері қолданылады –сөгіс жариялау. Құжатты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесі студенттің Колледждегі барлық оқу мерзімінде бір рет қана қайта беріледі.

7.5. Тәртіптік жаза қолданылатын кезде жат қылықтың дәрежесі, қандай жағдайларда жасалғаны, студенттің бұл жайтқа дейінгі мінез-құлқы мен оқу үлгерімі назарға алынады.

7.6. Студенттер ауырып жатқан кездерінде (құжатпен расталған), демалыс уақытында, академиялық демалыс, жүктілігі мен босануына байланысты демалыстар кезінде оқудан шығаруға жол берілмейді.  

7.7. Колледжде білім алушыларды оқудан шығару үшін негіздемесі, соның ішінде олардың құқыққа қайшы әрекеттерге барған жағдайда Колледж Жарғысы мен Ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді. Студент Колледжден  мынадай жағдайларда шығарылуы мүмкін:

өз еркімен, сондай-ақ ауруына байланысты немесе басқа оқу орнына ауысуға байланысты;

дәлелсіз себептермен 1 аралық аттестациялық кезеңінде (1 аралық аттестациялық кезеңі 2 айдықұрайды) 60 сағат және одан да көп сағат көлемінде оқу сабақтарын жіберген үшін;

академиялық үлгерімі төмен болғаны үшін (сессия кезінде  алған нашар бағалардың саны үш немесе  одан да көп болса, белгіленген уақытта академиялық қарыздарды өтемесе);

егер білім алу шығындарды толығымен қайтару негізінде жүзеге асырылып, алайда бұл келісімнің шарттары орындалмаған үшін;

Колледж Жарғысында, осы Ережелерде, Жатақханада тұру ережелерінде көрсетілген міндеттерді бірнеше мәрте бұзса, сондай-ақ бірнеше мәрте деп студентке осыған дейін де бір жыл аралығында тәртіптік жазалары қолданылған болса жоғары аталған ережелерін бұзғаны саналады;

жасалған қылмыстық ісі үшін шығарған соттың шешімі күшіне енген жағдайда, сонымен қатар Колледждің студенті деген атқа нұқсан келтіретін заңға қайшы әрекетке барғанда;

есірткі заттарын медициналық қажеттіліксіз қолданған жағдайда.